Медиация кабинеті

2017 жылғы 4 тамыздағы жағдай бойынша Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Медиация кабинетінің қызметіндегі медиацияны дамыту бойынша жұмыс жағдайы туралы
АҚПАРАТ

Астана қаласында медиация институтын нығайту және белсендіру мақсатында төмендегідей жұмыс атқарылды:

Медиация кабинетінің жұмсын ұйымдастыру бүгінгі күнде келесі төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бірінші: медиация кабинетінде КММ штаттық қызметкерлерімен қатар кәсіби медиаторлармен азаматтарды қабылдау – кеңестер беру, медиация процедураларын өткізу.

Екінші: кәсіби медиаторлармен және олардың ұйымдарымен өзара әрекет етуді ұйымдастыру.

Үшінші: Астана қаласы кәсіби емес медиаторларының пулын қабылпастыру және олардың жұмысын ұйымдастыру.

Төртінші: соттармен және өзге мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету.

Жоғарыда аталған жұмыс бағыттарының біріншісі бойынша.

Медиация кабинетінде азаматтарды қабылдауды жоғары заңгерлік білімімен және заң мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар, КММ штаттық қызметкерлері (әрқайсысы жарты мөлшермен) – әрқайсысы өздерінің ұйымдарында  кәсіби медиаторлар тізімінде тұрған кәсіби медиаторлар, сондай-ақ КММ және «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум негізінде сол орталықтың кәсіби медиаторы к.нделікті кезекшілік жүргізеді.

Медиация кабинеті негізінде келген азаматтарға нақты кеңестер беріледі және медиация үрдістері жүргізіледі. Медиация кабинетінде келушілердің назарына нормативтік құқықтық және өзге әдебиеттер, сондай-ақ медиация мағынасын түсіндіретін фильмдер, Астана қаласында қызмет жасайтын кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың тізімі ұсынылады.

Егер де 2016 жылы медиация кабинетіне келушілердің санын арттыру мақсатында түсіндіру-үгіттеу жұмыстарын мақсат етіп қойған болсақ, негізгі басымдылық бейресми медиацияны өткізуге бағытталса (яғни медиация тәртібінде дауларды реттеу туралы шарт жасамастан), 2017 жылдың басынан бастап медиация шарттарын жасай отырып,. Жұмыс сапасын және едиациялық үрдістерді өткізуді арттыру негізгі мақсат етіп қойылды.

Барлығы  2017 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін КММ медиация кабинетіне 100 өтініш келіп түсті, барлық өтініштер – жеке тұлғалардан. Олардың ішінде 76 оұиға бойынша даулар (келіспеушіліктер) реттелді.

– 40 оқиға еңбек даулары бойынша;

– 15 оқиға қарыз алу шарттарының орындалуы бойынша;

– 23 отбасылық даулар (бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында мүлікті бөлу және балалардың тұғылықты жерін анықтау бойынша);

– 3оқиға пәтерді көршілердің су басу оқиғасы бойынша;

– 8 алдын ала төлем шарттарын орындамау бойынша;

– 3 оқиға бөліп төлеу арқылы жер учаскесін сатып алу бойынша (сатушы учаскені қайта рәсімдеу үшін қажетті құжаттарды дайындамайды);

– 4 оқиға өндіріп алушы мен қарызданушы арасында атқарушы өндірісі кезеңінде;

– 4 оқиға қылмыстық істер бойынша.

 

«Қоғамдық келісім» КММ негізіндегі медиация кабинетінің жұмысының екінші бағыты кәсіби медиаторлармен және олардың ұйымдарымен өзара әрекет ету:

а) «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетіне даулар мен қақтығыстар бойынша кәсіби емес медиаторлардың қатысуы мақсатқа сай емес нақты оқиғалары кезінде келген тұлғаларды кәсіби медиаторларға жіберу арқылы (бұл егер де дау азаматтық істер бойынша соттармен қарастырылып жатқан істер, сондай-ақ қылмыстық сот өндірісі бойынша даулар);

б) өзара бірлескен іс-шараларды өткізу, олармен ынтымақтастық туралы меморандумдарды жасау, оқыту, «дөңгелек үстелдер» өткізу арқылы жүргізіледі.

Бүгінгі күнде Астана қаласы бойынша 200ден артық кәсіби медиаторлар тіркелген, олар медиаторлардың 7 ұйымын ұсынады:

– «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі;

– «Келісу» кәсіби медиаторлардың одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі;

– «Медиаторлардың ұлттық палатасы» республикалық қоғамдық бірлестігі;

– «Қазақстанның медиаторларының ассоциациясы (одағы)» заңды тұлғалар бірлестігі;

– «Tura Bi» қоғамдық бірлестігі;

– «Медиаторлар одағы» қоғамдық бірлестігі;

– «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі.

2017 жылдың 7 ақпанында КММ қызметкерлері, кәсіби медиаторлар Ф.Т. Ахмедова, К.О. Токебаев, Г.А. Дайрабаев Астана қаласының Әкімдігінде өткізілген, Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық Медиация кеңесінің конституциялық реформаларды талқылау бойынша кеңейтілген отырысына қатысты, оған ҚР Парламентінің депутаты Б.Ж. Абдраим, Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық Медиация кеңесінің мүшелері, ҚХА кәсіби емес медиаторлары және кәсіби медиаторлар, Астана қаласының үкіметтік емес медиаторлар ұйымдарының өкілдері қатысты.

 

2017 жылдың 29 наурызында КММ қызметкері Ф.Т. Ахмедова қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, депутаттар, ЖОО-ның ғылыми қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және елорданың өзге ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен, «Ана мен баланың ұлттық ғылыми орталығы» Ұжымдық қорының конференц-залында өткен Астана қаласы Қоғамдық келісім кеңесінің «Қоғамдық келісім кеңестерінің Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіндегі мақсаттары» тақырыбындағы кеңейтілген отырысына қатысты.

2017 жылдың 31 наурызында КММ қызметкері Ф.Т. Ахмедова Астана қ. Мемлекеттік кірістер департаментінің, «Қоғамдық келісім» РММ, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ қатысуымен Экономика үйінде өткен  «Медиаторларға салықтарды жеңілдету» пікірталасына қатысты.

2017 жылдың 4 сәуірінде Ф.Т. Ахмедова ҚР ҰЭМ Департамент директорының, Астана қ. Мемлекеттік кірістер департаменті директорының, «Қоғамдық келісім» РММ, «Қоғамдық келісім» КММ, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ қатысуымен Экономика үйінде өткен «Медиаторларға салықтарды жеңілдету» пікірталасына қатысты.

2017 жылдың 7-8 сәуірінде КММ қызметкерлері Ф.Т. Ахмедова және Е.Б. Нурғалиева Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.

2017 жылдың 23 мамырында Астана қ. Қоғамдық келісім кеңесінің Жұмыс тобының дауларды сотсыз реттеу институтын дамыту мәселелерін талқылау бойынша отырысы өткізілді. Аталған кездесудің ұйымдастырушысы КММ болды. Талқылауға Астана қ. Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері және елордамыздың кәсіпорындарының ҚКК мүшелері, Астана қаласының судьясы, Медиация орталықтарының басшылары, кәсіби және кәсіби емес (қоғамдық) медиаторлар, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

2017 жылдың 9 маусымында КММ қызметкерлері Ф.Т. Ахмедова және Е.Б. Нурғалиева ҚР ҚХА мен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ҚР Агенттігі бірлесіп ұйымдастырылған, басқа аймақтар видеобайланыс арқылы қатысқан, «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» (республикалық видеоконференция) жұмысына қатысты

Ағымдағы жылдың маусымның 14-нен 15-не дейін «Қоғамдық келісім» КММ негізінде үйретуші-халықаралық санаттағы медиатор Т.А. Дронзинаның қатысуымен этносаралық және мәдениаралық медиация бойынша семинар өткізілді.

Аталған шараның ұйымдастырушылары Әзірбайжан этномәдени орталығы, «Келісім» медиация орталығы және «Қоғамдық келісім» КММ болды.

Медиация кабинеті қызметінің жоғарыда аталған бағыттарының үшіншісіне қатысты – кәсіби медиацияны қолдану саласы негізінен азаматтық және қылмыстық істерде басым екенін ескере отырып, сондай-ақ олар ақылы түрде өткізілетіндіктен – Ассамблея алдында тұрған мақсатқа сай Астана қаласының этномәдени бірлестіктері үшін кәсіби емес медиацияны дамыту маңызды деп санаймыз.

Осыған байланысты, Қазақстан халық ассамблеясының осы жұмыста пайдалану үшін Қазақстанның көп ұлтты халқының көптеген дәстүрлерін қолдануда орасан мүмкіндіктері бар екендігін айта кеткен жөн, оларға сәйкес үлкендер, ақсақалдар, беделді тұлғалар сот органдарына жүгінбестеп, басталғалы тұрған даудың немесе жанжалдың алдын алуға болады.

Жргізілген ыстр нәсінде 2017 жылдың 27 наурызындағы жағдай бойынша Астана қаласы аудандарының әкімдіктерінде кәсіби емес медиаторлардың тізімінде 12 медиатор тіркелген болатын, олардың ішінде 8 Астана қ. ҚХА кәсіби емес медиаторларының пулын құрастырады, соның ішінде 8 – этномәдени  бірлестіктерінің өкілдері («Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы, «Возрождение» немістер қоғамы, «Ватра» украина мәдени орталығы, «Кыргызстан – Астана» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның әзірбайжан мәдени орталықтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігі және оның құрамына кіретін «Хазар» қоғамдық бірлестігі).

Жалпы алғанда, кәсіби емес медиаторлардың пулын қалыптастыру кезінде «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының, «Қазақстанның әзірбайжан мәдени орталықтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігі және оның құрамына кіретін «Хазар» қоғамдық бірлестігінің өкілдерінің белсенділігін атап кеткен жөн, оларда сәйкесінше 3 және 2 ҚХА қоғамдық (кәсіби емес) медиаторлар тіркелген.

Қазіргі уақытта Астана қаласының кәсіби емес медиаторларымен тұрақты түрде (айдың әрбір үшінші сәрсенбісі) тренингтер өткізіледі.

Кәсіби емес медиаторларды оқытумен қатар, медиациялық үрдістерді жүргізу бойынша тәжірибелік жұмыс та жүргізілуде. Яғни, Астана қ. ҚХА кәсіби емес медиаторлары Загидулина Н.Р., Агаев В.У., Гасанов Э.И., Низамутдинова Я.А. өз бетінше бірнеше (3-тен 12-ге дейін) бейресми медиация үрдістерін (яғни, медиация туралы шарт және медиативтік келісім жасамастан) өткізді, олардың барысында еңбек даулары шешілді (ЖШС қызметкерлеріне жалақы төлемеу), мәндеттемелер орындалды (жалға алу төлемдерін, қарыздық міндеттемелерді төлемеу), тұрғын үй қатынастары саласындаңы даулар, отбалысыл даулар және басқалары шешімін тапты.

Сондай-ақ «Қызғызстан – Астана» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ш.А. Исмайловтың жұмысын апат кеткен жөн, ол өзі кәсіьи емес медиатор ретінде тіркеле отырып, сонымен қатар, қаражат пен мүмкіндікті тауып аталған қоғамдық бірлестігінің заңгері Ж.М. Мергалиеваны кәсіби медиаторларды даярлау бағдарламасына оқытты.

Төртінші бағытсоттармен және өзге де мемлекеттік органдарымен өзара әрекет ету.

2017 жылдың 9 ақпанында КММ қызметкерлері, кәсіби медиаторлары Ф.Т. Ахмедова және Қ.О.Токебаев, «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру ережелерін түсіндіру туралы» тақырыбында Астана қаласының сотында мемлекеттік мекемелердің, Астана қаласы прокуратурасының, Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының, Астана қ. әкімдігінің Білім басқармасының, Астақа қ. әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы басқармасының, Астақа қ. кәсіпкерлер палатасының өкілінің, сақтандыру компанияларының өкілдерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

2017 жылдың 1 наурызында КММ қызметкерлері, кәсіби медиаторлары Ф.Т. Ахмедова және Г.А. Дайрабаев Астана қ. сотында «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ президенті Ж.А. Жакупов өткізген «Медиация тәртібінде дауларды (жанжалдарды) шешу» тақырыбында семинар-тренингке қатысты.

2017 жылдың 10 наурызында КММ қызметкері, кәсіби медиатор Ф.Т. Ахмедова Астақа қаласы Алматы аудандық сотында соттың судьяларының, кеңсе меңгерушісінің және кәсіби медиаторлардың қатысуымен өткізілген, «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру ережелерінің орындалуы туралы» тақырыбында «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

2017 жылдың 17 наурызында КММ қызметкері, кәсіби медиатор Ф.Т. Ахмедова Астана қаласы Сарыарқа ауданының сотында соттың судьяларының, кеңсе меңгерушісінің және кәсіби медиаторлардың қатысуымен өткізілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру ережелерін енгізу» тақырыбында «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

2017 жылдың 16 мамырында КММ қызметкері, кәсіби медиатор Ф.Т. Ахмедова Астана қаласының сотында қақалық соттың судьяларының, аудандық соттардың, МЭАС, Астана қаласының және аудандарының прокуратурасының , Әділет департаментінің, нотариалдық палатаның, адвокаттар коллегиясының және сақтандыру компанияларының өкілдерінің қатысуымен, «Сақтандыру туралы заңнаманы қолдана отырып, дауларды қарастырудың соттық тәжірибесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

2017 жылдың 28 шілдесінде КММ қызметкері, кәсіби медиатор Ф.Т. Ахмедова Астана қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында соттың судьяларының, кеңсе меңгерушісінің және кәсіби медиаторлардың қатысуымен өткізілген, «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру ережелерінің орындалуы туралы» тақырыбында «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

2017 жылдың 4 тамызында КММ қызметкері, кәсіби медиатор Ф.Т. Ахмедова медиаторлардың, прокуратура қызметкерлерінің, мемлекеттік мекемелердің, адвокаттар мен номариат палаталарының өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Құқық қорғау қызметінің орталығы (ҚҚО) және «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ  Құқық қорғау қызметінің орталығында өткізілген «Медиация негіздері және дауларды реттеу үшін медиатордың құралдары» тақырыбында «семинарға» қатысты.

Медиация институтын ары қарай дамыту үші, Қазақстан халқы ассамблеясының алдында тұрған мақсаттарды шешу үшін және Астана қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс тобының 2017 жылғы 23 мамырдағы медиация кабинеттерін ашу туралы ұсыныстарын орындау мақсатында КММ қызметкерлері елорданың бірқатар ұйымдарының лауазымды тұлғаларымен – «Астана Су Арнасы» МКК, «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ, «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС және «University Medical Center» корпоративтік қорымен тиісті жұмыстар жасады.

Сонымен қатар, хаттаманың көшірмесі электрондық пошта арқылы ҚКК жұмыс тобының «қлттардың өкілдерін кәсіби емес медиаторларға тарту бойынша шаралар қабылдау» ұсыныстарымен бірге ЭМБ басшыларына жіберілді.