Астана қаласы әкімдігінің жанындағы
«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

  1. Жалпы ережелер 
  1. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі – Ассамблея) қызметін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
  2. Мекеменің түрі: коммуналдық.
  3. Мекеме Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы «___»_________
    № ______________ қаулысымен құрылған.
  4. Мекеменің құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі (бұдан әрі – Құрылтайшы) болып табылады.

Мекеменің мүлкіне қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқығын Астана қаласының әкімдігі (бұдан әрі – әкімдік) жүзеге асырады.

  1. Мекемені басқаруды жүзеге асырушы орган «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады.
  2. Мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Қоғамдық келісім» при  акимате города Астаны.

  1. Мекеменің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, № 11.
  1. Мекеменің заңдық мәртебесі 
  1. Мекеме ол мемлекеттік тіркелген күннен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
  2. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Мекеменің атауы бар бланкілері, мөрі болады.
  3. Мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
  4. Мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілікті Қазақстан Республикасы көтереді.
  5. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
  1. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары 
  1. Мекеме қызметінің мәні Ассамблея қызметін қамтамасыз ету, этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттерін іске асыруға бағытталған жұмыстарына қолдау көрсетуді ұйымдастыру болып табылады.
  2. Мекеме қызметінің мақсаты ұлттық бірлікті, қоғамдық келісімді нығайту, Ассамблеяның жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық және материалдық – техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру, қоғамдық-көпшілік, ғылыми-талдамалық, ақпараттық жұмысты өткізу болып табылды.
  3. Мақсатқа қол жеткізу үшін Мекеме мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
  • Ассамблея Сессиясының, Кеңесінің отырыстарын және Ассамблеяның басқа да іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру;
  • қалалық этномәдени  бірлестіктердің  тілді, мәдениетті, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерді насихаттау бойынша жұмысына жағдайлар жасау;
  • көркем өнерпаздық, ән мен би мерекелерін, фестивальдарды, конкурстарды, халықтық сурет және қолданбалы көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;
  • Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған бұқаралық қоғамдық-саяси іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық тобының және оның басқа құрылымдарының  қызметін қамтамасыз ету;
  • Ассамблеяның Даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу, оның ішінде оларды жоспарлау;
  • мемлекеттік органдармен, бюджеттік және кәсіподақтық ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, бизнес-құрылымдармен, саяси партиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен  өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • өңірдегі этносаралық қатынастардың жай-күйі туралы талдамалық және болжамдық мәліметтерді дайындау және бұл мәселе бойынша мониторинг жүргізу;
  • әкімдік басшылығының, Ассамблея Хатшылығының тапсырмасы және мемлекеттік органдардың сұранымы бойынша мемлекеттік этносаясат мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық мәліметтер мен баяндамаларды дайындау;
  • этносаралық және конфессияаралық қатынастарды реттеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды дайындау;
  • мемлекеттік басқару органдарына, қоғамдық ұйымдарға этносаралық және конфессияаралық мәселелер бойынша кеңес беру;
  • Ассамблея қызметіне ақпараттық қолдауды жүзеге асыру;
  • Ассамблея қызметін жариялау мәселелері және мемлекеттік этносаясатты дамыту бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен, соның ішінде интернет-ресурстармен  жұмыс істеуін ұйымдастыру;
  • Ассамблеяның медиа-жоспарларын әзірлеу және іске асыру;
  • Ассамблея қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу;
  • Ассамблеяның ағартушылық қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру, оқыту семинарлары мен тренингтерін өткізу;
  • мемлекеттік этносаясат саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуді, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласын зерделеуді, олардың қазіргі жай-күйі туралы талдау жүргізу, олардың дамуын болжау және жетілдіру  бойынша ұсынымдарды дайындауды ұйымдастыру;
  • мемлекеттік органдар және ұйымдар өткізетін ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу;
  • этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы  Ассамблея қызметінің мәселелері бойынша ғылыми, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық әдебиеттерді дайындауды ұйымдастыру;
  • ғылыми мақалаларды, монографияларды, оқу құралдарын шығаруды ұйымдастыру, баспа қызметі Ассамблея қызметінің бағыттары бойынша  ақпараттық материалдарды  шығару;
  • Ассамблея қызметінің бағыттары бойынша семинарлар, конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізу;
  • Ассамблеяның халықаралық ынтымақтастығын,  халықаралық және басқа іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;
  • Ассамблеяның мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа тілдерін дамыту бойынша жұмысын ұйымдастыру;
  • Ассамблеяның ынтымақтастық туралы жасалған  меморандумдар мен келісімдері бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде жұмысты  ұйымдастыру;
  • мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына жауап беретін және Мекеменің Жарғысына қайшы келмейтін өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру және мәмілелер жасау.

Мекемеге өз қызметінің жарғыда бекітілген нысанасы мен мақсатына сай келмейтін қызметті, сондай-ақ мәмілелер жасауды жүзеге асыруына тыйым салынады.

  1. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына қайшы, немесе Мекеме басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі уәкілетті органның немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
  2. Мекеме басшысының Мекеменің жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруына бағытталған әрекеті еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік әрі материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.
  1. Мекемені басқару 
  1. Мекемені жалпы басқаруды Басқару органы жүзеге асырады.
  2. Құрылтайшы Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
  • Мекемеге мүлікті бекітіп береді;
  • Мекемені қаржыландырудың жеке жоспарын бекітеді;
  • Мекеме жарғысын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
  • басқару органдарының құрылымын, қалыптасу тәртібін және өкілеттік мерзімін, шешімдер қабылдау тәртібін айқындайды;
  • Мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босату негіздерін айқындайды;
  • Мекеменің құрылымын, штат санының шегін бекітеді;
  • Мекеме басшысының ұсынысы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
  • мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мекемеге берілген немесе ол өзінің жеке шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алған мүліктерді алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім береді;
  • Мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Басқару органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • Мекемені жалпы басқаруды жүзеге асырады;
  • Мекеме мүлкін сақтауға қадағалау жүргізеді;
  • жылдық қаржылық есептігін бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  1. Мекеме басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Құрылтайшы қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
  2. Мекеме басшысы Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  3. Мекеме басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дара басшылық қағидаттарында іс-қимыл жасайды және мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
  4. Мекеме қызметін жүзеге асыру кезінде Мекеме басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
  • мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мекеменің мүддесіне өкілдік етеді;
  • шарттар жасасады;
  • сенімхаттар береді;
  • іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту мен қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша мекеменің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
  • банк шоттарын ашады;
  • барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
  • Мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
  • өз орынбасарының (орынбасарларының) және Мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы жарғыда өзіне жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 
  1. Мекеме мүлкінің құралу тәртібі 
  1. Мекеме мүлкі заңды тұлғаның активтерінен құралады, олардың құны оның балансында көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
  • меншік иесі берген мүлік;
  • өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда);
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
  1. Мекеменің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
  2. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Мекемеге кіріс алып келетін қызметпен айналысуға құқық беріледі, бұл қызметтен келген ақша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тиісті бюджетке аударылуға жатады.
  3. Мекеменің қызметін жергілікті бюджет қаржыландырады.
  4. Мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
  5. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру мен ревизиялауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Құрылтайшы жүзеге асырады.
  1. Мекемедегі жұмыс режимі
  1. Мекеменің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
  1. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі 
  1. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
  2. Мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
  1. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары 
  1. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.