Авторы: Қоғамдық келісім

Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің жиыны өткізілді

20 ақпанда  «Астана орманы» ЖШС «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын» ММ-де  Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті жиыны болып өтті.

Жиынға мемлекеттік органдар өкілдері, Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптама тобының мүшелері, «Астана орманы» ЖШС еңбек ұжымы қатысты. (толығырақ…)

«Масленица – қысты шығарып салу»

18 ақпанда елорда тұрғындары мен қонақтары «Масленица» славян дәстүрлі мерекесіне орай «Жастар» алаңында халықтық мерекелерге белсене қатысты.

Іс-шараны Астана қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырды. (толығырақ…)

Әлішер Науаидің мәдени мұрасы

9 ақпанда  Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана  ғимаратында Астана қаласының өзбек этномәдени орталығы өзбек ақыны әрі ойшылы Әлішер Науаидың шығармашылық мұрасына арналған «Шығыс жұлдызы Науаи» атты әдеби-мәдени кеші өтті. (толығырақ…)

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты Астана қаласы әкімдігінде талқылау болып өтті

Қазақстан халқы ассамблеясы республикалық бірыңғай күн шеңбері барысында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылау мақсатымен елордамыздағы қоғамдық келісім кеңесінің, ғылыми-сарапшылық тобының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің және олардың жастар қанатының басшылары бірлескен жиын өткізді. (толығырақ…)

Рождество – игілік пен әділдікті қолдаушы

Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұртшылықты Рождество мерекесімен құттықтап, Кирилл мен Мифодия атындағы Рухани орталығында Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің қолдауымен балаларға арналған рождестволық шырша өткізілігенін мәлімдейді. Тағылымдық мәні бар шараны жоғары деңгейде өткізуге «Лад» республикалық славян қозғалысының Астана филиалы және «Дала казактары одағы» қоғамдық бірлестігі атсалысты. (толығырақ…)

Татар-башқұрт мектебінің 20 жылдығы

2017 жылғы 24 желтоқсанда елорданың №3 мектеп-гимназиясында Астана қаласы «Туған тел» татар-башқұрт жексенбілік мектебінің 20 жылдығы құрметіне арналған мерекелік концерт өтті. (толығырақ…)

Жаңа жылдық қайырымдылық акциясы

Жаңа жыл қарсаңында елорданың Оқушылар сарайында әлеуметтік көмекті қажет ететін және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ айрықша қамқорлыққа зәру жандарға арналған қайырымдылық акциясы өткізілді. (толығырақ…)

Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының XVI сессиясы өткізілді

Бүгін, Астана қаласы әкімдігінде «Қоғамдық сананы жаңғырту-қазақстандық патриотизмнің негізі» атты тақырыппен Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының XVI сессиясы өткізілді. (толығырақ…)

«Біздің Отанымыз – Мәңгілік Қазақстан»! жас суретшілер конкурсының жеңімпаздары анықталды

30 қарашада №18 орта мектепте Астанадағы көркемөнер мектебінің оқушылары арасында «Біздің Отанымыз – Мәңгілік Қазақстан»! атты жас суретшілер байқауы өтті! Аталған іс-шараны Астана қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізді. (толығырақ…)

Астанада «Мен – қазақстандықпын!» атты жастар форумы өтті

Бүгін, Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға негізделген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құрметіне орай, «Мен-қазақстандықпын!» атты қалалық жастар форумын өткізді. (толығырақ…)