Әлішер Науаидің мәдени мұрасы

Әлішер Науаидің мәдени мұрасы

9 ақпанда  Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана  ғимаратында Астана қаласының өзбек этномәдени орталығы өзбек ақыны әрі ойшылы Әлішер Науаидың шығармашылық мұрасына арналған «Шығыс жұлдызы Науаи» атты әдеби-мәдени кеші өтті.

Мәдени іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Астана қаласының өзбек этномәдени орталығы өткізді.

Іс-шараға ҚХА Хатшылығы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан және Қырғызстан Республикаларының Қазақстандағы Елшіліктерінің өкілдері, Қазақстан Халық Ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

«Әлішер Науаи – әлемдік көзқараста, философиялық дамушы Шығыс рухының ең биік шыңдарының бірі. Оның мүдделері мен іздестірулерінің ауқымы өте кең. Өз жұмысында ол әртүрлілігіндегі шындықты жан-жақты және терең көрсетуге тырысты», – деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім»РММ директоры Тарақов А.Ю.

Әдеби кештің қатысушылары осынау көрнекті ұстаз Әлішер Науаиға арналған кеш сияқты бізді бір-бірімізге жақындастырып, біздің республикамызда барлық ұлттардың тату-тәтті және бейбіт өмір сүретін үйлесімді аймақтың маркасын ұстанады деп санайды.

Ақынның барлық түркі халықтары үшін ортақ «Фархад және Ширин», «Ләйлә мен Мәжнүн» сияқты ұлы өлеңдер авторының жұмысына арналған поэзия кеші Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан жылының мерекесіне, сондай-ақ Халықаралық ана тілінің күніне орайластырылған. Әлішер Науаидің шығармашылығы түркі тілдерінде, әсіресе өзбек тіліндегі әдебиеттердегі эволюцияға қуатты серпін берді.

Іс-шара барысында қонақтар концерттік бағдарламаны тамашалауға мүмкіндік туды, онда шығармашылық қойылымдар қайталанбас ұлттық нақышта жасалынады. Мәдени кеште Науаидің поэзиясы астананың өзбек жексенбілік  «Зиё» мектебінің оқушыларының тілінен түрлі тілдерде айтылды.

Іс-шара аясында «Өзбек әдебиеті мен мәдениетінің інжу-маржандары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің тақырыбы қонақтардың кең ауқымы үшін ұсынылғаны және мәдени іс-шараға қатысушылардың қызығушылығын тудырғаны сөзсіз.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған