Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің жиыны өткізілді

Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің жиыны өткізілді

20 ақпанда  «Астана орманы» ЖШС «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын» ММ-де  Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті жиыны болып өтті.

Жиынға мемлекеттік органдар өкілдері, Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптама тобының мүшелері, «Астана орманы» ЖШС еңбек ұжымы қатысты.

Қатысушылар кездесу барысында Қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асырудағы құрал ретінде өзекті мәселелерін талқылады. Сөз сөйлеушілер Астана мекемелері мен кәсіпорындарында құрылған және жұмыс істейтін Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін атап өтті. Қазіргі уақытта кеңестер өңірлік халықтың өзекті проблемалары талқыланатын қоғамдық алаңдарға айналды және олардың басты міндеті – әртүрлі құрылымдардың ұжымдарында қоғамдық жұмыстардың белсендірілуі арқылы әрбір азаматқа жету.

Сөйлегендер еліміз тұрақтылығы әрбір азаматқа байланысты екендігіне басымдық берді. Бұл ретте Қазақстан халқы ассамблеясы тұрақтылықтың діңгегін берік сақтау мақсатымен Қоғамдық келісім кеңестерін, кәсіподақтар ұйымдары мен медиация кабинеттерін құрған.

Жиында «Астана орманы» ЖШС Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері бекітілді.

Бүгінгі уақытта Астана қаласында 6 Қоғамдық келісім кеңесі бар, оның ішінде 1 қалалық және 5 аймақтық: «Концерн «Цесна-Астык» ЖШС, «University Medical Centег» корпоративтік қоры,  «Ақмола  вагон жөндеу  зауыты» АҚ, «Астана Су Арнасы» МКК, «Астана орманы» ЖШС.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған