Астана қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселесіне арнаған жиын өткізді

Астана қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселесіне арнаған жиын өткізді

2017 жылғы 20 қыркүйекте елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы өз кезегінде ҰҚКД терроризмге қарсы күрес орталығымен, Астана қаласы дін істері жөніндегі басқармасымен және Астана қаласы діни зерттеулер орталығы ассоциациясы «Жедел байланыс-114» сарапшыларымен бірлесіп, Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдеріне алғаш рет қоғамдық қабылдау үлгісінде діни экстремизм мен терроизмнің алдын алу мәселесіне арнаған жиын өткізді.

Бұл іс-шараның басты мақсаты-бүлдіргіш күштердің діни ағымдарына қатысты және осындай ұйымдарға түспеудің қарсылық әрекеттері туралы тұрғындарға жан-жақты ақпарат ұсыну.

Жиында бүлдіргіш күштердің діни ағымдарына қарсы әрекет жасау әдістері туралы Астана қаласы өзбек эномәдени орталығының төрағасы, халықаралық медиатор және «Жедел байланыс-114» сарапшысы (ислам дінін зерттеуші) Ш. А. Пулатов айтып берді: «Егер, біреу сізді қандай да бір ақпаратпен басынды айналдырып немесе әлдеқандай семинарға шақырса, онда сізде екі таңдау бар.  Бірінші таңдау-одан теріс айналып, кетіп қалу. Бірақ, екінші таңдаудың бар екенін де ұмытпаңыз: жылы шыраймен оған арнайы бірнеше сұрақтарды қойып, тиянақты жауап алуды талап етіңіз. Осының нәтижесінде сіз ол айтқан ғибадаттың төркінін пайымдай аласыз»,-деді ол өз сөзінде.

Астана қаласының Ұлттық Қауіпсіздік комитеті департаментінің Антитеррористік орталығының өкілі  барлық қазақстандық азамат дінге қатысты сұрақтарды білуі қажет екендігі жөнінде түсіндіру кеңесін жүргізді. Ұлттық Қауіпсіздік комитеті департаментінің Антитеррористік орталығының негізгі мақсаттарының бірі – қоғамның террорлық қауіп-қатерлерге дайын болу әрекетін қалыптастыру. Сонымен қатар, аталмыш шара барысында қатысушыларға, қоғамның толеранттылық, діни сана және радикалды идеологияга қарсы иммунитетінің қалыптасуына бағытталған арнайы дайындалған видеотүсірілім көрсетілді.

Астана қаласы этномәдени бірлестіктері өкілдерімен болған бұл кездесуде дін төңірегіндегі тақырыптар кеңінен талқыланып, әңгімелесу сұрақ-жауап үлгісінде өткізілді.

2017 жылғы 20 қыркүйек пен 24 қазан айы аралықтарында жоғарыда аталған үлгідегідей елорданың 24 этномәдени бірлестіктерімен бірқатар кездесулер өткізіледі.

 

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған