Балаларды ұлттық дәстүрлерге тәрбиелеу

Балаларды ұлттық дәстүрлерге тәрбиелеу

Астана қаласы

13.05.2016 ж.

2016 жылығы 13 мамырда №62 мектеп-лицейде (Мәскеу көшесі, 41) Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Балаларды ұлттық дәстүрлерге тәрбиелеу» тақырыбына дөңгелек үстел жиыны өткізілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел-үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы шеңберінде өткізілген бұл іс-шараға Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Астана қаласы ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері, қаламыздағы жалпы білім беретін мектептердегі директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және елордалық этномәдени бірлестіктердің этнолингвистикалық мектеп директорлары қатысты.

DSC_0106

Маңызды жиын барысында сөз сөйлеген Астана қаласы ҚХА хатшылығының меңгреушісі Ляззат Кусаинова мына мәселелерге басымдық беріп өтті: «Бүгінгі дөңгелек үстел тақырыбының өзіндік мәні ауқымды. Ол ұлттық дәстүрлерді жас ұрпақтар бойына сіңіруге арналған. Біз Қазақстанның бірыңғай халқы ретінде қоғамдық құндылыққа айрықша мән береміз. Ал шындығында, біздегі әрбір этностың өзіндік ерекшелігі бар және олардың қайнар көзі болып саналған халық даналығынан нәр алған керемет құдығы өз ұрпағын білім нәрімен сусындатуда. Соның ғажайып көріністері-әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлері бүгінгі ұрпақтарға үлкен өнеге болатын жарасымды үрдіс. Ана сүтінің дәмін татқан бала өзінің мәдениетіне және тіліне құрметпен қарайды. Сондықтан ол өмірдің құндылығын түсініп, қандай да бір жағымсыз әрекеттерге бармайтын болады. Мұндай бала өз Отанына құрметпен қарап және үлкендерді сыйлап өз білгенін құрбыларымен бөліседі»,-деді ол.

Сөз орайында Ляззат Сейтқазықызы бүгінде қаламыздағы этномәдени бірлестіктер жанында 12 этнолингвистикалық орталықтың (жексенбілік мектеп) бар екенін атап өтті. Олардың негізгі мақсаты-балаларды ұлттық дәстүрлермен сусындатып, өз этносының тарихы мен  қолөнерін білуге баулу.

DSC_0101

Дөңгелек үстел басында қазақстандық біртектілік, этнопедагогика және азаматтық тәрбие мәселесін айтқан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік ғылым факультетінің доценті, философия ғылымдарының докторы және Астана қаласы Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Юлия Шаповал білім, ғылым және адамзат арасындағы байланыстарды дәйекті тұжырыммен айтып берді: «Этнопедагогика төңірегіндегі зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, дәстүрлер жүйесінің басты мақсатына жататын табиғи, рухан, әлеуметтік жетістіктер адам дамуымен үйлесім тапқанда ғана күткендегідей оң көрсеткіш болады. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі тәрбие мен білім саласында этномәдени дәстүрлер айрықша сұқбаттасу алаңына ие болып отыр. Жалпы, этномәдени және әлем мәдениеті болсын ол халықтық педагогикадан нәр алып, онымен тығыз байланыста болады. Бұл үрдіс балаларды рухани-адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуде айрықша маңызға ие. Осы бағыт өз жүйесін бұзбағанда ғана табиғат пен әлеуметтік әлем арасындағы тепе-теңдік сақталады. Сондықтан өзінің этномәдени дәстүрлер тәрбиесін білетін және өз елінің азаматымын деп сезінген адам туған жеріне зиян келтірмейді»,-деп атап өтті ол.

DSC_0105

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз этносының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі мен отбасы тәрбиесіндегі этникалық ерекшелік туралы ой бөлісті. Нақты атап айтқанда, жиын шеңбері барысында елордамыздағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің басшысы Салман Героев пен орыс-казак жексенбілік мектебінің директоры Наталья Иванова славян мен вайнах салт-дәстүрінің балаларға берер тәрбиесін жан-жақты айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар  қалалық мектептердің тәрбие жұмысына  пайдалану үшін ұсынымдар әзірледі.

 

 

______________________

Астана қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:

тел. 24-98-56/ +7707-310-53-54/ +77071305659

WhatsApp – 7707-310-53-54/ +77071305659

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған