Екі халықтың ортақ ұлы

Екі халықтың ортақ ұлы

Астана қ.

06.03.2016ж.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өту шеңберінде Астана қаласы М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайында украин халқының ұлы жыршысы – Тарас Григорьевич Шевченконың туған күніне арналған «Екі халықтың ортақ ұлы» атты мерекелік концерт пен еске алу кеші өтті. «Оберег» украин қоғамы» қоғамдық бірлестігі және «Қазақстан украиндерінің Радасы» заңды тұлғалардың республикалық бірлестігі ұйымдастырған еске алу кешіне Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қолдау көрсетті.

DSC_0306

«Оберег» украин қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ширмер Тамара Викторовна: «Қайырлы күн, құрметті достар! Бүгінгі іс-шара – бұл украин сөзін қол жетпес шыңға, даңқа жеткізген сөз шеберіне, украин және қазақ халқына ортақ тұңғыш ақын әрі суретшіге құрмет көрсету. Мерекелік концерттің «Екі халықтың ортақ ұлы» деп аталуы тегін емес. Тарас Григорьевич Шевченко осынау қасиетті де берекелі мекенге жер аударылып, он жылдан астам өмірін осында өткізді. Бұл жерде ол қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін сипаттайтын көптеген кітаптар, өлеңдер жазып, суреттер салды. Ақын жергілікті тұрғындар арасында үлкен құрметке ие болды. Қазақтар оны сыйлап, «Тарази ақын» деп атады. Бүгін біз осы жерге жиналған барлығыңызға, ұлы Кобзарь, украин және қазақ халқының ортақ ұлын бізбен бірге еске алуға келген баршаңызға алғыс айтқым келеді».

DSC_0429

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Құсайынова Ләззат Сейітқазықызы: «Қазақстанда көктемнің басы ылғи да маңызды оқиғалармен тұспа-тұс келіп отырады. Қазақстанның ұлттық күнтізбесінде Т.Г.Шевченкоға арналған күндер бар. Күні кеше ғана бүкіл ел болып Қазақстан Республикасында тұңығ рет Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен бекітілген Алғыс айту күнін атап өттік. Өз басым бұл күнді біреудің бізге жасаған жақсылығын, өзіміз біреуге жасаған жақсылықты бір мезет еске алып, осы жерге, ата-анамызға, жақындарымыз бен достарымызға алғыс айтуға мүмкіндік беретін күн деп есептеймін. Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен украин қоғамдық бірлестігінің қызметін дамытып, халыққа түсіндіріп жатқаны үшін Ширмер Тамара Викторовнаға және «Оберег» украин қоғамы» қоғамдық бірлестігіне алғыс білдіргім келеді».

DSC_0346

Ақынның ауыр тағдыры туралы еске алу кешіне жиналған қонақтарға Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры, тарих ғылымдарының докторы Петр Васильевич Токарь баяндады. «Тарас Шевченко – бұл украин халқына берілген ерекше сый, ұлы қазына, біздің халықтарымызды байланыстырушы берік көпір. Тарас Григорьевич айдауға түкен қиын жылдарын бауырлас қазақ халқынның арасында өткізді. Сол себепті де ол кісінің қазақ халқына деген көзқарасы ерекше болатын. Сол жылдары ол жергілікті халықтың тұрмысын зерттеп, тұрғындардың басына түскен ауыртпашылықты көрді. Ол осы қиындықты халықпен бірге бастан кешіріп, өз шығармаларында соны жазып, суреттеді. Сондықтан, біз бүгін екі халықтың ортақ ұлымен шындап мақтана аламыз», – деді Петр Васильевич.

DSC_0316

Іс-шараның басты мақсатыукраин және қазақ халықтарының көрнекті ұлдары, ақын, жазушы әрі суретші – Тарас Григорьевич Шевченко туралы естелікті  тарих жадында сақтау.

Концертте «Оберег» украиан қоғамы» қоғамдық бірлестігінің шығармашылық ұжымы және Қазақстанның өңірлерінен келген шығармашылық ұжымдар көңілді ән айтып, сәнді би билеп, театрландырылған қойылымдарын қойды. «Берегиня» халық қолөнер шеберлерінің және «Рiдне слово» украин жексенбілік мектебі оқушыларының қолөнер көрмесі кештің сәніне айналды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұндай іс-шаралар этносаралық сұхбат пен бірлікті нығайтуға және қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға түрткі болып, Қазақстан Республикасы этностарының мәдени құндылықтарын дәріптейді.

DSC_0413

_____________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:

тел. 24-98-57 / +7707-310-53-54/

WhatsApp – 7707-310-53-54

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған