«Масленица – қысты шығарып салу»

«Масленица – қысты шығарып салу»

18 ақпанда елорда тұрғындары мен қонақтары «Масленица» славян дәстүрлі мерекесіне орай «Жастар» алаңында халықтық мерекелерге белсене қатысты.

Іс-шараны Астана қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырды.

Қысты шығарып салу күнімен құттықтау сөзінде, Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары В. К. Божко. – «Бір отбасыдай өмір сүруіміз өте жақсы белгі, біздің елімізге ешкім де кедергі келтіре алмайды. Мемлекет басшысы бұл елімізді табысты етуге және біздің азаматтарымыздың қадір-қасиетін сақтауға мүмкіндік беретін басты нәрсе деп атап өткен болатын».

«Масленица» мерекесі Астанада жыл сайын өткізіледі. «Біздің астанамыздың өмірі өте қарқынды, ол біздің азаматтарымызға ұнайтын әдемі дәстүрлі мерекелерге толы. Биылғы жылы елорданың 20 жылдық мерейтойы және біз жыл бойы осындай мерекелерді жиі  қарсы алатын боламыз», – деп атап өтті өз құттықтау сөзінде, Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Е. А.

Қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мерекенің қонақтарын көңілді әндер мен билермен қарсы алды, олар өздерінің этносының рухани мәдениетінің барлық сұлулығын, сондай-ақ біздің ел халқының бірлігі мен ынтымақтастығын көрсетті. Мерекелік іс-шара барысында көрермендерге «Дала аймағының казактары одағы» өңірлік қоғамдық бірлестігінің «Раздолье» орыс және казак әндерінің ансамбльін, «Лад» республикалық славян қозғалысының «Радуга» ансамблін көруге мүмкіндік туды. «Таң» татар-башқұрт мәдениет орталығының»  «Дуслык» ансамблінің музыкалық номерлеріде көрермендерді бей-жай қалдырылмады.

Қысты шығарып салу  мерекесіне қатысушылар тақпақтар мен халық әндерін және дөңгелек билер өткізіп, қонақтарға «Масленицаның» міндетті атрибуты –  дәмді құймақтар ұсынылды. Сондай-ақ, алаң аумағында жәрмеңке орналасты. Іс-шараны ұйымдастырушылар спорт жарыстарын, күлкілі ойындарды, қызу жарыстарды, халықтық салт-жораларды дайындады.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты-Қазақстанда тұрып жатқан этностардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарап, оны құрылымдау жолында тиянақты еңбек ету. Қазақстандық мәдениетаралық сұқбаттастық үлгісі жетістігін көрсету, этносаралық келісімді және тұрақтылықты нығайту. Әлемдік қауымдастық тарапына Қазақстанның ғажайып  мәдени-тарихи мұраларын кеңінен таныстыру.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған