Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты Астана қаласы әкімдігінде талқылау болып өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты Астана қаласы әкімдігінде талқылау болып өтті

Қазақстан халқы ассамблеясы республикалық бірыңғай күн шеңбері барысында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылау мақсатымен елордамыздағы қоғамдық келісім кеңесінің, ғылыми-сарапшылық тобының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің және олардың жастар қанатының басшылары бірлескен жиын өткізді.

Аталған іс-шараның жоғары деңгейде өткізілуіне Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы мен Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі белсенді түрде атсалысты. Шығып сөйлеушілер Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы негізгі басымдықтарды атап өтіп, қазақстандық бірлік үлгісі мен толеранттылықты, сондай-ақ этносаралық сұқбаттасуды қалыптапстырудағы Қазақстан халқы ассамблеясының рөліне маңыз берді.

 

Л.С. Құсайынова, Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

«Президент өз Жолдауындағы жетінші бағытта қазақстандық ұлт бірлігін қалыптастырудағы негізгі басты міндеттердің бірі адам каптиалы туралы атап өтті. Бұл ретте сіздер Елбасының Қазақстан жастарының үш тілді меңгеруіне баса назар аударғанын ескерулеріңіз қажет. Біз бұл туралы жастар қанатының өкілдеріне үнемі айтып келеміз. Үш тілді меңгеру-адам капиталын дамытудың басты міндеті болып табылады. Шындығында ұлт әуелетін күшейту арқылы мәдениет пен идеологияны дамытамыз. Біздің әрқайсысымыз заманауи талаптарға ілесе отырып, табиғи құндылықтан нәр алған туған тіліміз бен мәдениетімізді өркендетуге атсалысыуымыз тиіс».

 

В.К. Салахов, Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының төрағасы, Қазақстандағы әзірбайжан мәдени орталығы одағының президенті, тарих ғылымының докторы:

«Бүгін біз Жолдауды талқылауға бас қостық. Өйткені, оның өзіндік маңызы бар. Қазақстан тарихы біздің әрқайсысымыздың көз алдымызда. Тіпті осы отырғандардың арасында мемлекетті қалыптастыруға атсалысқандары бар. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен мығым мемелекет құрылып, ол әлемдік деңгейдегі жетекші елдерден лайықты бағасын алды. Сөз орайында атап өтерлігі, Мемлекет басшысының әрбір Жолдауы Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған. Сондықтан біз Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын қолдауға және оны іс жүзінде тиянақты орындауға тиіспіз. Әлем қазақ халқын ежелден келе жатқан қарапайымдылығы мен даналағына байланысты оларды құрмет тұтады. Мұндай лайықты құрметке біз Президентіміздің ұтымды ұйымдастырушылық басшылығымен қол жеткіздік. Сондықтан әрбіріміз Елбасының Жолдауына қолдау білдіріп, адал ниетпен бірге иық теңестіріп, патриоттық рухта талмай еңбек етуіміз қажет».

 

Ә.Қ. Әлпейісов, Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің профессоры:

«Қазіргі кезде төртінші өнеркәсіптік революцияны сөз етер болсақ, онда біз шикізатқа деген қызығушылықтан алшақтап, өндірісті қарқынды  дамытуға басымдық беруіміз тиіс. Соның нәтижесінде шикізатқа тәуелді болмай, белгілі бір жетістіктерге қол жеткіземіз. Әрі өндірістік революция негізінде өз өмірімізді жақсарта аламыз».

 

О.Ж. Әлиев, «Тұран-Астана» университеті экономика кафедрасының профессоры, Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі:

«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы маңызды істердің тинақты орындалуын  міндеттеген стратегиялық құжат болып саналады».

 

С.А. Салумян, Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Ван» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы: 

«Өткен кезеңдерді ой елегінен өткізіп, еске алатын болсақ, сын сағаттардан сүрінбей жетістікке қол жеткіздік. Осының барлығы Президентіміз бен халқымыздың бірігіп ұйымшылдықпен еңбек атқарғанның нәтижесінде ғана мүмкін болып отыр. Сондықтан әрбіріміз Жолдауда атап көрсетілген міндеттерді орындауға атсалысып, Қазақстанның дамуына үлес қосуымыз қажет. Нақты айтқанда, Елбасы айқындап берген он бағытқа біркісідей жұмыла кірісу міндеті тұр».

 

С.С. Героев, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Астана қаласы «Вайнах» этномәдени орталығының төрағасы:

«Жолдауда қазақстандықтардың қандай болуы тиістігі нақты атап көрсетілген. Қазақстандықтар өзінің тілін, мәдениетін білумен бірге бірнеше шет тілін меңгеруі қажет. Жаһандық қауымдастыққа оң көзқарас пен құндылықтарды бағалау бізді жетістікке жетелейді. Сондай-ақ бізге кезінде аса қолдау көрсеткен қазақ халқының тілін мүмкіндігінше меңгеруіміз және олардың тарихын білуіміз қажет».

 

 

Р.А. Абдусаламов, «Қазақстандағы ұйғырлардың республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы ассамблеясы жастар қанатының мүшесі:

«Қазақстан халқына арналған Жолдау біріншіден жастарға бағытталған. Бұл жастар «Қазақстан-2050» стратегиясын тиянақты орындауға атсалысып, келер ұрпаққа үлгі болары шүбәсіз. Ал аға буын елді дамытуға үлес қосып келеді. Бұл ретте жастарға артылар жауапкершіліктің де салмағы басым. Олар индустрияны цифрландыру және жаңа технологияны енгізу ісіне белсенді түрде атсалысуы керек. Өйткені, болашақтың жарқын мүмкіндіктері осымен астасып жатыр».

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған