Украина Конституциясы күніне дөңгелек үстел өткізілді

Украина Конституциясы күніне дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы 27 маусымда елордамыздағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасындағы Украина Елшілігі жанындағы Украин ғылым және мәдениет орталығы Украина Конституциясының 20-жылдығы құрметіне «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.

DSC_0207

Астана қаласындағы «Ватра» «Украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі бастамасымен өткізілген бұл іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Украин Елшілігінің өкілдері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары мен ұстаздары, этномәдени бірлестіктің өкілдері және дінбасылар қатысты.

Осы маңызды жиында сөз алған Украин ғылым және мәдениет орталығының басшысы, Қазақстан Республикасындағы Украин Елшілігінің бірінші хатшысы, Украин журналистер одағының мүшесі Леонид Ясинский былай деді: « 28 шілдеде Украина халқы Украина Жоғары Радасында қабылданған Конституцияның 20-жылдығын атап өтеді. Отандық және шетел сарапшыларының бағалауынша, Украина Конституциясы демократиялық негізге сай әзірленген. Оның қабылдануы негізінде мемлекеттік құрылыс үдерістерінің дамуына даңғыл жол ашылып, Украина құқықтық жүйесінің және оның заңдылығының одан әрі дамуына негіз қаланып, демократиялық құқықтық мемлекет қалыптасты»,-деді ол.

DSC_0193_cr

Леонид Петрович сөз орайында, жиналған қауымға өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, Украинадағы конституционализм тарихының қалыптасу үлгісін әңгімелеп берді. Осы жерде ол бүгінгі Украинаның өз тәуелсіздігі жолында ауыр кезеңдерді бастан өткергенін және аймақтық тұтастық пен бірлікті сақтау жолында сынақтарға тап келгенін атады: «Конституцияның негіздері мен ережелерін сақтай отырып, қазіргі тарихи дамуымызды осы уақыттың өзгерісімен сәтті үйлестіре білуіміз керек. Бұл тұста конституциялық реформа Украинаның одан әрі дамуына басты кепіл болып, қоғамның билікке деген сенімін арттыруы тиіс және халықаралық деңгейде ел ынтымағын нығайтып, еуропа қоғамдастығындағы интеграцияны толық дамытуға атсалысуымыз қажет»,-деп ол көпшілік алдында сөзін түйіндеді.

Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы Жұмабек Пұсырманов Қазақстан Республикасындағы конституциялық үдерістер жөнінде пікір айтты. Ал Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, Астана қаласы ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі Юлия Шаповал   Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Украина Конституциясына талдама жүргізіп, олардың бір-бірінен айырмашылықтары мен ерекшеліктерін айтып берді.

DSC_0203

Жиын барысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Таисия Мармонтова Украиндықтардың Қазақстан этномәдениетін қалыптастырудағы үлесі туралы айтты.  Сонымен бірге, ҚР Бас редакторлар клубының экс-президенті, саяси ғылымдар кандидаты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Кенжеболат Жолдыбай тұрғындарға қатысты ақпаратттық және құқықтық маңыздылық жөнінде ой бөлісіп, деректер келтірді. Сөз орайында ол поляк және кеңестік кезеңнің жазушысы болған Бурно Ясенскийдің сөзінен мысал келтірді: «Жаудан  қорықпа – ең   әрі  деген жағдайда  сені  өлтірер. Достарыңнан   қорықпа – ең   әрі  деген жағдайда   сені  сатып   кетер. Енжарлықтан  қорық– олар өлтірмейді де,   сатпайды  да,    алайда  үнсіз   келісімімен  ғана, қара  жерде  опасыздық пен   кісі  өлтіру  тіршілікте  қалып  қойды»,-деп ол ақын сөзін жария етті.

Кенжеболат Махмұтұлының атап өткеніндей, бұқаралық ақпарат құралында деректерді мәлімдеп қана қоймай, оның әрбір тармақтарын талдай білуіміз қажет. Ол атап өткен бірқатар мәселелердің қатарында еліміздің Конституциясына, Президент Жолдауына, жер мен басқа да сұрақтарға басымдық берілді.

Жиналғандарға «Ватра» «Украин мәдени орталығы» ҚБ төрағасы, философия ғылымдарының кандидаты,республикалық «Українскi новини» газетінің бас редакторы Тарас Чернега қазақстандық «Українскi новини» апталығы бетіне басылған Укаина Конституциясы туралы айтып берді. Оның мәлімдеуінше, басылымның шығу кезеңдерінде Украинаның Конституциясына қатысты тақырыпқа айрықша маңыз берілген.

Дөңгелек үстел жиынының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

 

______________________

Астана қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:

тел. 24-98-56/ +7707-310-53-54

WhatsApp – 7707-310-53-54

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған