Жаңа жылдық қайырымдылық акциясы

Жаңа жылдық қайырымдылық акциясы

Жаңа жыл қарсаңында елорданың Оқушылар сарайында әлеуметтік көмекті қажет ететін және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ айрықша қамқорлыққа зәру жандарға арналған қайырымдылық акциясы өткізілді.

Мерекелік іс-шараны Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы мен  BI Group «Жұлдызай»  корпоративтік қоры бірлесіп ұйымдастырды. Өз кезегінде аталған мерекенің жоғары деңгейде өтуіне елордалық ассамблеяның меценаттары қолдау көрсетті. Бұл мерекені Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы жыл сайын өткізеді.

Балаларды Жаңа жылымен құттықтауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, елордалық этномәдени және жастар ұйымдарының басшылары келді.

Жарқын кеш барысында жасөспірімдердің анимациялық интерактивті бағдарламасына негізделген  мультипликациялық фильмдердің кейіпкерлері бейнеленді. Мұны 300 жас балғындардың тамашалағанын атап өткен жөн. Сонымен бірге, ойындар мен байқаулар ұйымдастырылды.

Театрдандырылған жаңа жылдық ертегілік кештің қазіргі заманғы қойылымдары ешкімді де бей-жай қалдырмады. Жаңа жылдық мерекенің қорытындысында барлық балалар Аяз атадан сыйлықтар алды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған